Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кеткен адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Суретте өз білімі, ерекше кәсібилігі мен жанкешті еңбегінің арқасында Нұржігітті ажалдан аман алып қалып, есін жиғызып, қайтадан аяққа тұрғызған Тараз қаласының көпбейінді ауруханасының дәрігерлері. ...Оларды бүкіл Жамбыл облысы медицинасының қаймағы десем, қателеспеспін. ...Біраз төккен терім ақталды, өзімнің дұғамды, халықтың дұғасын Алла тағала қабыл алды. Нұржігіттің аяғы сынғандықтан, алдымызда әлі оңалту күтіп тұр. Сол бағытта жұмыс істейміз", - деді Бақытжан Базарбек.
Мән-жайы
Бұған дейін Telegram арналардың бірінде 15 тамызда кешке Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында жол апаты болғаны туралы жазба жарияланды. Мәліметке қарағанда, Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.
Жазба авторларының дерегінше, көлікті Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек тізгіндеген. Дереккөз мәліметіне сүйенсек, зардап шеккен адам аудандық ауруханаға жеткізілген.
Ал Жамбыл облысы Полиция департаменті Рысқұлов ауданында болған жол апатына байланысты соталды тергеу басталғанын хабарлады.
Кейінірек Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа байланысты жазба жариялап, бұл жайтты растады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова