Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кеткен адам ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Нұржігітті Тараз қалалық көпбейінді ауруханасынан шығардық. Кейінгі үш күн бойы емханадан шығуға асығып отырған. Міне, емханадан аман-сау шығып отыр", - деді Бақытжан Базарбек.
Мән-жайы
Бұған дейін Telegram арналардың бірінде 15 тамызда кешке Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында жол апаты болғаны туралы жазба жарияланды. Мәліметке қарағанда, Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.
Жазба авторларының дерегінше, көлікті Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек тізгіндеген. Дереккөз мәліметіне сүйенсек, зардап шеккен адам аудандық ауруханаға жеткізілген.
Ал Жамбыл облысы Полиция департаменті Рысқұлов ауданында болған жол апатына байланысты соталды тергеу басталғанын хабарлады.
Кейінірек Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа байланысты жазба жариялап, бұл жайтты растады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова