Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жол апатынан зардап шеккен азаматтың жақындарымен бірге үндеу жасаған. Жәбірленуші тараптың айтуынша, қазір Бақытжан Базарбек жан-жақты көмектесіп жатыр.
"Бауырым аяқтан тұрып кетуіне еш көмегін аяп жатқан жоқ. Қазір бауырымның жағдайы қанағаттанарлық", - дейді видеода зардап шеккен ер адамның әпкесі.
Экс-депутат ем жалғасып жатқанын, жәбірленушінің денсаулығында оң өзгерістер барын айтып, алыпқашпа әңгімелерді таратпауға шақырды.
"Нұржігіт аяққа тұрып кетіп, отбасына оралғаннан кейін Астана, Алматы - барлық жердегі ем шараларына көмектесемін", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мән-жайы
Бұған дейін Telegram арналардың бірінде 15 тамызда кешке Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында жол апаты болғаны туралы жазба жарияланды. Мәліметке қарағанда, Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында 36 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.
Жазба авторларының дерегінше, көлікті Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек тізгіндеген. Дереккөз мәліметіне сүйенсек, зардап шеккен адам аудандық ауруханаға жеткізілген.
Ал Жамбыл облысы Полиция департаменті Рысқұлов ауданында болған жол апатына байланысты соталды тергеу басталғанын хабарлады.
Кейінірек Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа байланысты жазба жариялап, бұл жайтты растады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова