Мәжіліс депутаты Абзал Құспан экс-банкир Жомарт Ертаевтың амнистия бойынша босатылып, кейін қайта қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл жалғыз жағдай емес. Заңның 3-бабы 5 және 6-тармақтарын қолдану мәселесінде түйткіл бар. Ертаев бойынша залал сомасы өте үлкен: 144 миллиард теңге. Осындай мәселелер басқа соттарда да кездеседі. Қазір бұл іспен Бас прокуратура айналысып жатыр", - деп түсіндірді депутат.
Еске салайық, 2020 жылы қарашада экс-банкир Жомарт Ертаев RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге тағы 35 адам сотталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова