Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев колониядан босатылды. Бұл ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, Ертаев сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеген.

"Сот шешімі негізінде оған рақымшылық жасалды, соған байланысты ол босатылды", - деді ҚАЖК өкілі.

Одан әрі бақылау және қадағалау үшін Ертаев пробация қызметінің есебіне қойылған.

Еске салайық, 2020 жылы қарашада экс-банкир Жомарт Ертаев RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге тағы 35 адам сотталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!