Экс-әкім Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды

Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Үкімет растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрлан Ұранхаев өнеркәсіп және құрылыс мәселелеріне жетекшілік етеді.

Нұрлан Ұранхаев туралы не белгілі?

Нұрлан Ұранхаев Қазақ политехникалық институтында білім алып, "инженер-механик" мамандығын меңгерген. Сондай-ақ, Қазақ қаржы-экономикалық институтын "экономист-менеджер" мамандығы бойынша және Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2022 жылы 11 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ұранхаевты Абай облысының әкімі етіп тағайындады.

Еске салайық, биыл ақпанда Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Кейін Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!