Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Түркияда отбасымен бірге демалып жүр. Өнер иесі мүмкіндікті пайдаланып, ұлының арманын орындаған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің ұлы парашютпен теңіз үстінде ұшуды армандаған көрінеді. Мөлдір Әуелбекова ұлының бұл арманын Анталияда орындады.
"Баламның арманын орындадым! "Жанымда бол!" - ер жүрегім!
Әр баланың армандары орындалып, бақытты болсын!Алғаш рет Антальяға 15 жыл бұрын келіппін. Еш өзгеріссіз. Тек туристер саны 100 есе көп. Бала-шағаны демалдыратын курортты қала болып қала бермек", - деп жазған әнші.
Ал Желі қолданушылары әншінің баласының ер жүректігін жарыса жазып жатыр.
"Ержүрек екен, тфәй-тфәй, экранның арғы жағынан мен қорқып отырмын", "Керемет, ғажап", "Қандай керемет", "Ұлының ержүрек екен", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең көп грант қай мамандыққа бөлінді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!