- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Экранның арғы жағынан...
"Экранның арғы жағынан мен қорқып отырмын". Шет елде жүрген Мөлдір Әуелбекова ұлының арманын орындады
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Түркияда отбасымен бірге демалып жүр. Өнер иесі мүмкіндікті пайдаланып, ұлының арманын орындаған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің ұлы парашютпен теңіз үстінде ұшуды армандаған көрінеді. Мөлдір Әуелбекова ұлының бұл арманын Анталияда орындады.
"Баламның арманын орындадым! "Жанымда бол!" - ер жүрегім!
Әр баланың армандары орындалып, бақытты болсын!Алғаш рет Антальяға 15 жыл бұрын келіппін. Еш өзгеріссіз. Тек туристер саны 100 есе көп. Бала-шағаны демалдыратын курортты қала болып қала бермек", - деп жазған әнші.
View this post on Instagram
Ал Желі қолданушылары әншінің баласының ер жүректігін жарыса жазып жатыр.
"Ержүрек екен, тфәй-тфәй, экранның арғы жағынан мен қорқып отырмын", "Керемет, ғажап", "Қандай керемет", "Ұлының ержүрек екен", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең көп грант қай мамандыққа бөлінді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә