Қазнет қолданушылары COVID-19-ға қарсы егілген және егілмеген адамдар бірдей жиілікпен және қарқындылықпен ауру жұқтырып, ауырады деген ақпарат таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
StopFake.kz мәліметінше, бұл ақпарат - фейк.
2022 жылдың қыркүйегінде 2021 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың сәуірі аралығында АҚШ-тағы СOVID-19-бен ауруханаға жатқызу жағдайлары салыстырылған зерттеу жарияланды.
Ол вакцина алмағандар арасында инфекция жұқтырған жағдайда ауруханаға жатқызу қаупі бірнеше есе жоғары екенін көрсетті. Бұл ретте тәуекел науқастың жасына қарай артады - ол неғұрлым үлкен болса, ауруханаға жатқызу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
"Вакцинацияланған адамдар да COVID-19 жұқтыруы мүмкін екені сөзсіз, бірақ бұл вакцина алмағандарға қарағанда әлдеқайда аз болады. Орта есеппен, толық егілген адамдардың шамамен 1,2 пайызы COVID-19 жұқтырады. Бұл ретте көп жағдайда ауру жеңіл өтеді және ауруханаға жатқызу қажет болмайды", - делінген зерттеуде.
Демек, таралған хабарлама - фейк. Вакцина алған адамдар егілмегендерге қарағанда COVID-19-бен сирек ауырады және ауру жеңіл өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!