Қазнет қолданушылары COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған жүздеген балада бұрын белгісіз болған балалар деменциясы ауруы тіркелгенін жазып жатыр. Олардың сөзінше, вакцина осындай ауруларға әкелуі ықтимал екенін ғалымдар да дәлелдеген екен. Бұл жалған екенін Stopfake.kz фактчекерлері анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, балалардың деменциясын зерттеумен және осындай диагнозы бар балаларға көмек көрсетумен айналысатын Childhood dementia Initiative childhood dementia Initiative қоғамдық ұйымының мәліметтері бойынша, қазір бұл сирек кездесетін генетикалық аурудың өршуі байқалмайды. Демек, вакцинацияланған жүздеген балаға осындай диагноз қойылды деген тұжырым жалған.
Сондай-ақ, COVID-19-ға қарсы вакциналар ересектер деменциясының асқынуына әкелмейтіні дәлелденді. Тұмауға қарсы вакциналар, керісінше, деменцияның бір түрі саналатын Альцгеймер қаупін төмендететіні белгілі.
Таратылған мәтінде COVID-19-ға қарсы вакциналар прион аурулар тудыруы мүмкін деп те айтылған. Бұл да нейродегенератив аурулар, бірақ туа біткен генетикалық мутация емес, прион инфекциялық ақуыздарынан туындайды. COVID-19-ға қарсы вакцинаның құрамында осындай ақуыздар барына немесе олардың ағзада пайда болуына әкелетініне ешқандай дәлел жоқ. Бұл теорияны фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.
Сонымен қатар, ақпаратта вакциналар тудыратын Крейтцфельд-Якоб ауруы туралы айтылған. Бұл - адамдар арасында ең көп таралған прион ауруларының бірі. Ғылыми әдебиеттерде COVID-19-ға қарсы вакцинасын алған адамда осы ауру дамыған бір ғана жағдай сипатталған. Алайда есепті дайындаған дәрігерлердің өздері вакцина мен аурудың өзара байланысын растау үшін негіз жеткіліксіз екенін айтты. Демек, вакцинация аурудың дамуына әкелмейді деуге болады, себебі бұл мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, таралған хабарламада адамдарды қорқытып, оларды вакцинациядан бас тартуға көндіруге бағытталған жалған және ғылымға қарсы мәліметтер бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!