- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экологтар Маңғыстау облысындағы...
Экологтар Маңғыстау облысындағы түтіннің себебін атады
Маңғыстау облысы Экология департаменті мамандары өңірдің кейбір жерлерінде жағымсыз иіс сезілетінін айтты. Оның себебі Атырау облысындағы қамыстың жануы болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірдің Экология департаменті қызметкерлері Ақтау мен Жаңаөзенде, сондай-ақ, облыстың бірнеше елді мекенінде атмосфералық ауаны өлшеген. Түтін иісі екі қалада, сондай-ақ, облыстың Қарақия және Маңғыстау аудандарының бірнеше ауылында тіркелген.
Атмосфералық ауадағы өнеркәсіптік ластаушы заттардың (газдардың) шамадан тыс көбеюіне алдын ала мониторинг нәтижелері көрсетілмеген. Ал Қазгидромет Автомат станциялары зиян заттардың шамадан тыс көбеюі тіркелмегенін растады.
"Облыс аумағында таралған жағымсыз иістің себебі - көршілес Атырау облысында қамыстың жануы. Өрт шығу дерегі бойынша Маңғыстау және Атырау облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінен хабарлама келіп түсті. "Қазгидромет" РМК деректері бойынша жел бағыты солтүстіктен, соның салдарынан иіс жақын маңдағы аймақ аумағына жетіп отыр", - деді өңір экологтары.
Еске салайық, бұған дейін Ақтау тұрғындары жағымсыз иіске шағымданып жатқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова