- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экологтар Жайық суының...
Экологтар Жайық суының не себепті жасылға боялғанын әлі анықтай алмай отыр
Атыраулық экологтар Жайық суының не себепті жасылға боялғанын әлі де анықтай алмай отыр, — деп хабарлайды Nur.kz сайты.
Тек мамандар судың құрамында фенол мен мұнай қалдықтарының және хлоридтің бар екенін айтуда.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш күн бұрын Атырауда Жайық өзені жасыл түске боялып, жұрттың үрейін ұшырған еді. Іле-шала мамандар тиісті орындармен бірлесе отырып, судан сынама алып, зертханаға жіберген.
Тіпті кейбіреулер Жайыққа көп мөлшерде жасыл сыр құйылған деген пікір айтқан. Бірақ эколог мамандардың болжамы басқа.
Олар бұрын Жайықтан бөлініп, шіріген балдыр басқан ескі тоғандар су қайта көтерілген кезде өзенге құйылған. Сол себепті Жайық жасылға боялуы мүмкін.
“Кейбір көрсеткіштерден , атап айтқанда, хлорид, сухой остатоктар, фенол, нефтепродукт көрсеткіштерінен асып тұрғанын көрсетті. Осы көрсеткіштердің артуы не себепті, қайдан шығуы мүмкін амалдарын қарастырып жатырмыз”, – дейді Атырау облысы бойынша экология департаментінің бөлім басшысы Жолдасқали Телағысов.
Е. Жұмабайұлы