Балқашта екі күндік "Балқаш-2024: сын-қатерлер мен шешімдер" халықаралық су-климаттық форумы өтті. Шара екі министрліктің: су және ирригация, экология және табиғи ресурстар, сондай-ақ ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Экология министрлігіне сілтеме жасап.
Форумға сондай-ақ ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев қатысты. Ол Балқаш көлінің ластану мәселесі туралы айтты.
"Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы судың ауыр металдармен, пестицидтермен және басқа да зиянды заттармен ластануына ықпал етеді. Бұл судың сапасын нашарлатады және көлде өмір сүретін биологиялық түрлерге жағымсыз әсер етеді", - деді ол.
Экология министрлігінің хабарлауынша, қоршаған ортаға жанашыр азаматтар "Таза су айдындары" акциясына қатысып, көлдің жағасын қоқыс пен лайдан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!