- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экология министрлігі орман...
Экология министрлігі орман өртін ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге сұрап отыр
2025 жылғв орман өртін ерте анықтау жүйесін енгізуге 4,1 млрд теңге сұрап отырмыз. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство басшысының пікірінше, орман өртін жедел анықтау үшін жаңа технологияларды енгізу керек. Мысалы, Беларусьтегі ормандарда өртті ерте анықтау жүйесі енгізілген. Нәтижесінде бұл елде орман өртінің орташа көлемі 2020 жылғы
10 гектардан былтыр 0,4 гектарға дейін азайған.
Ерлан Нысанбаев мұндай жүйені елімізде де енгізілгенін жеткізді.
"Қазақстанда осындай жүйелер "Бурабай" (132,0 мың га), "Көкшетау" (182,0 мың га), "Медеу" (842 га) табиғи парктерінде және "Ертіс орманы" резерватында (277,0 мың га) жұмыс істейді. Орман өрттерін ерте анықтау жүйелерінен алынған деректер биыл Министрлік жанынан құрылатын Ахуалдық орталыққа беріледі", - деді министр Үкімет отырысында.
Министрлік орман өртін ерте анықтау жүйесін енгізуге 4,1 млрд теңге сұрап отыр.
"Жүйелерді енгізу жұмыстарын Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының өрт болу қаупі бар аймақтарда және "Семей орманы" резерватында жалғастыру қажет. Резерватқа 2025 жылғы 4,1 млрд теңгеге тиісті өтінім Қаржы министрлігіне енгізілді", - деді Ерлан Нысанбаев.
Оның айтуынша, елімізге 729 орман өрт сөндіру станциясы керек. Бүгінде тек 254 станция бар. Олардың басым бөлігі 1960-70 жылдары салынған.
Еске салайық, бұған дейін биыл елімізде өрт қаупі жоғары болатыны хабарланған еді.
Сондай-ақ 20 жылда болмаған ыстық қайталануы мүмкін екені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Есен