Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ұсталған орынбасары Мансұр Ошурбаевқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тергеу аясында оның (Мансұр Ошурбаевтың) жұмыс бөлмесінен құжаттар алынды. Бүгінде ол куәгер ретінде тергеуге көмектесуде. Бүгінде ол қызметте, жұмыс істеп жүр ", - деді Ерлан Нысанбаев Сенатта өткен парламенттік комиссия отырысынан соң.
Бұған дейін "ҚазТАГ" ақпарат агенттігі экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев жемқорлық күдігіне ілінгенін, оның үстінен тергеу басталғанын хабарлаған еді.
Сондай-ақ кейбір БАҚ дереккөзге сілтеме жасап, вице-министр қамауға алынғанын жазған.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!