Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейманова синоптиктердің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазгидромет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат бөлдік! Биылғы жалақы 26 пайыздан 111 пайызға дейін көтеріледі. Бүгін Сенат республикалық бюджетті түзету туралы заң қабылдады, онда Қазгидромет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат көзделген. Кейінгі екі айда осы мақсат үшін кәсіпорын бюджетін ұлғайту қажет екенін айттық. Қолдағаны үшін барлығына алғыс айтқым келеді", - деп жазды ол Instagram-да.
Министрдің айтуынша, ведомство 2023 жылдан бастап орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің де жалақысын көтеру бойынша жұмыс істейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!