- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экология және табиғи...
Экология және табиғи ресурстар министрі қызметінде қалды
Экология және табиғи ресурстар министрі қызметінде қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
1961 жылы Алматы облысында туған.
Қазақ ауылшаруашылық институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысында Ұйғыр орман шаруашылығының шебері болып бастаған.
1984-1989 жылдары Алматы облысы Ұйғыр аудандық комитетінде нұсқаушы, Ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген.
1989-1991 жылдар аралығында Алматы облыстық комитеті Ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі болған.
1991-2004 жылдары коммерциялық ұйымдар құрылымында жұмыс істеді.
2004-2009 жылдар аралығында «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ-да басшылық лауазымдар атқарған.
2009 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
2013-2014 жылдары ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрінің орынбасары қызметін атқарған.
2014-2021 жылдары — ҚР ауыл шаруашылығы, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары.
2021-2023 жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасы төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
2023 жылғы наурыздан бастап — Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.
2023 жылғы 5 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан