Экобелсенді Грета Тунберг Грузиядағы наразылық шеруіне қатысты

Танымал экобелсенді қыз Грета Тунберг Грузияда өтіп жатқан наразылық акциясына қатысу үшін Тбилисиге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Грузия белсендісі Мариям Кварацхелия Тбилисиде алғашқылардың бірі болып Тунбергті суретке түсірген.

Кейін оны қала көшелерінде наразылық шеруінде байқаған.

"Бүгін мен Грузияның тұрақты репрессиясынан шаршаған және қазір бастан кешіріп жатқан тиранияға бет алған белсенділер мен азаматтарды қолдайтынымды білдіру үшін келдім. Грузин халқының ашулануға құқығы бар, сондықтан да қуғын-сүргінге қарамастан, көшеге шыққан адамдарды көру қуаныш сыйлайды", - деді Грета Тунберг.

Еске салайық, жақында Грузия оппозициясы мемлекеттік төңкеріс туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!