Жақында босанған Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат жүктілігі туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің жары бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Қызымыз екеумізде бәрі жақсы. Қолымыз енді босап жатыр. Қаншама тілектер жазып жатырсыздар, алғысым шексіз. Әр әйелге жұғысты болсын. Мен кесарь тілігін жоспарладым. Өзің босансаң, сол бойда ғана қиналып, кейін аттай шауып кетесің. Кесар тілігіне түсіп, жансақтау бөлімінде жаттым. Келесі күні жүре алмай қиналасың. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Бала теріс келіп тұрғасын, кесар тілігін жоспарлады. Тіпті күнін де белгілеген едік, бірақ қызым жарық дүниеге келуге асықты. Мен арнайы емделіп, дайындалған жоқпын. ЭКО да жасатпадым. Алланың бізге берген үлкен сыйы", – деді ол.
Еске салайық, үшінші рет әке атанған Мейрамбек Бесбаев жары Мархабатты перзентханадан шығарып алған болатын. Мейрамбек Бесбаевтың досы, әріптесі Сәкен Майғазиев те бір топ әріптестерімен бірге перзентханаға барған.
"Ал қызымыздың бауы берік болсын! Мейрамбек пен Мархабат, балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын", – деп жазған еді Сәкен Майғазиев желіде.
Айта кетейік, үшінші рет әке атанған әнші Мейрамбек Бесбаев – "Толғағы жоқ әкеңді толғандырып..." деп қызына жантебірентерлік жазба жариялаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!