- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екінші Украина" болуы...
"Екінші Украина" болуы мүмкін бе?" Ресей СІМ өкілдері Қазақстанмен қарым-қатынас туралы
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында Қазақстанға қатысты сұрақ пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында "Ресей Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы жағдайды қаншалықты мұқият қадағалап отыр? Болашақта ол жер "екінші Украина" болуы мүмкін бе" деген сұрақ пайда болды.
"Ең алдымен, Ресей мен Қазақстан көпжылдық достық пен сеніммен байланысты жақын көршілес елдер екенін атап өткен жөн. Бүгінде қарым-қатынастардың стратегиялық әріптестік және одақтастық деңгейінде болуы кездейсоқ емес. Сондықтан Ресей мен Қазақстан билігінің ортақ өзекті мәселелерді шешуде тығыз ынтымақтасуы - заңдылық", - делінген жауапта.
Ресей СІМ өкілдерінің айтуынша, олар Қазақстандық биліктің ішкі саясатта "ұлттық картаны" пайдалану қауіпті екенін түрлі деңгейдегі түсінігін анық көріп отыр, себебі жағдай оңай бақылаудан шығып кетуі мүмкін.
"Ресей-Қазақстан одақтастығын одан әрі дамытуды қаламайтындардың барлық айла-амалына қарамастан, біз серіктеспен көпжоспарлы екіжақты өзара іс-қимылды нығайту бойынша жұмысты жалғастырып жатқанымызды тағы да атап өткім келеді, бұл Қазақстанмен достық қарым-қатынаста болуға ықпал етеді. Олар өздерін мақтанышпен "өркениетті Батыс әлемі" деп атайтындай, біз БҰҰ Жарғысына, сондай-ақ, халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес әрекет ете отырып, республиканың ішкі істеріне араласпаймыз", - делінген жауапта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек