Джиган лақап атымен белгілі танымал ресейлік әнші Денис Устименко-Вейнштеин 10 жылдан кейін үйлену тойын жасады. Әншінің тойында келеңсіз жайт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Джиган мен әйелі Оксана Самойловамен бас қосқанына 10 жыл болған. Алайда бұған дейін олар дүркіретіп той жасамаған екен. Сондықтан биыл үйлену тойын жасаған. Ол үшін ерекше датаны таңдаған - 12.12.2022.
Көптеген танымал жұлдыз жиналған тойға, ашық дереккөздердің мәліметінше, 7 метрлік торт жасалған. Аспаздар оны мейрамханаға алып кірген кезде торт құлап түсе жаздаған.
@iammishaivanov Торт на свадьбе #Джигана чуть не разбился #свадьбаДжигана #ДжиганСамойлова ♬ оригинальный звук - Миша Иванов
Айта кетейік, Денис пен Оксана үйлену тойынан тікелей трансляция жүргізген болатын. Екі күн бұрын өткен тойды 7 миллионнан аса адам көрген.
Бүгінде Денис пен Оксана үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Оксана блогерліктен бөлек жеке кәсіппен де айналысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!