- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екінші «Bolashak Business...
Екінші «Bolashak Business Talks» атты коммуникативтік алаңы өтті
29 қазанда екінші «Bolashak Business Talks» коммуникативтік алаңы өтті. «Bolashak Business Talks» бұл жас новаторлар, бизнесмендер, кəсіпкерлік пен инновация саласындағы сарапшылардың өзара тəжірибе алмасуына арналған бірегей нетворкинг алаңы. Екінші іс-шарада келесі спикерлер қатысты.
Алғашқы болып Рамиль Мухоряпов сөз сөйледі. Ол «Chocofamily» холдингінің негізін қалаушысы. Рамиль осы жобасы арқылы қысқа мерзім ішінде екі жүзден астам жұмыс орындарын аша алды! Өз сөзінде Рамиль тыңдаушыларды онлайн саладағы шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің қатарын толықтыруға шақырды. Себебі кәсіпкерліктің болашағы дәл осы интернет жобаларда жатқанын атап өтті. Осыдан кейін, Рамиль өз тарапынан холдингтердің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттап өтті. Мысалы бизнесті «дефокуске» негізделіп құру алдында мұқият ойлануы қажет. Бұл дегеніміз бір уақытта бірнеше бизнеспен айналысу, ал дәл осы бөлініс бизнестердің әрқайсысына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Екінші болып сөз тізгінін Аида Кауменова алды. Аида «Deluxe» санатындағы киімдерді дайындайтын белгілі дизайнер, «Aida KaumeNOVA» сән үйінің басшысы. Аиданың айтуы бойынша: «Адам қаншалықты қажырлы еңбек еткен сайын, оның алдында соншалықты көп мүмкіндіктер пайда бола бастайды, бұл жерде талант 1% болуы мүмкін, алайда еңбекке деген құштарлық 99% құруы қажет». Аида өзінің табысты мансап жолының оқиғаларымен бөлісті, сондай-ақ дизайнерлікте бизнестің бір түрі екенін және әр кәсіпкер жан-жақты болуы тиіс деп қоса айтып өтті.
Шақырылған спикерлерден бөлек, біздің іс-шарамызды қолдауға Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысы – Ельнур Бейсенбаев та келді. Ол да жастарды бар мүмкіндіктерін пайдалануға және елімізді дамытуға белсенді ат салысуға шақырды.
Соңында үшінші шақырылған спикер Асхат Абжанов өз ойын білдірді. Ол аудиторияны әлеуметтік бөгеттерді бұзуға шақыра отырып, өзін ынталандырудың және өзімізге жат көрінуі мүмкін жағдайлардан өте келе, қолайлылық аймағын кеңейтудің маңыздылығын айтып өтті.
Ж. Жұмағұлов