Танымал актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілім "Мотивациялық подкастта" әкесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бала кезінде ата-анасы екіге кеткен.
"Әкем тірі кезінде көзін көрген кісілер кездесіп қалып жатады. Сол кезде "сенің әкең батыр болған" деп мақтап айтады. Әкем мықты азамат болған. Ол кісімен көп араласа алмадым. Өйткені бала кезімізде ата-анамыз ажырасып кетті. Мен анамның қолында Алматыда қалдым, ол кісі Шымкентте. Қатты араласқан үш ай ғана. ...Жалпы екінші әйелінен бес бала бар, үш ұл, екі қыз", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз