Әнші Өмірқұл Айниязов тұңғыш перзентінен соң 21 жылдай балалы бола алмай жүрген кезін еске алып, "Саумал" подкасында айтты. Өнер иесі басынан өткен қиын кезеңде екінші әйел алу туралы ойы болғанын да атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, келіншегі екеуі үшін бұл аса қиын кезең болған.
"Тұңғышым Нұртуғаннан кейін, 20 жылдай тағы да сәби күттік. Өмірімдегі ең ауыр кезеңдер еді. Қатты қиналып кеттік. Азаннан кешке дейін жылап, жатып қалдым деп айта алмаймын. Бірақ таныстарым балалы болғанда есіме түсетін. Кейде екінші әйел алу туралы да ойладым. Жарыма да қиын тиді. Бірақ құдай біздің көз жасымызды көріп, 1 ұл, 1 қыз берді. Соған да ризамын. Біздің сабыр сақтауымыз бәрін жеңіп шықты", – деді әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!