Әнші Төреғали Төреәлі "NNN Life tv" бағдарламасында бірнеше сұраққа жауап берді. Соның ішінде екінші әйел алу туралы сұраққа өнер иесі төрт әйелге дейін алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарламада қойылған "екінші әйел аласың ба?" деген сұраққа әнші өз жауабын берді.
"Алғың келе ме деген сұрақ болмай ма? Иә, аламын. Алла қаласа, төртеу алсам ба деймін. Бұл біздің қоғамда ауқымды тақырыптың бірі ғой. Алланың қалауындағы нәрсе ғой. Мың адам қарсы болса да, тағдырыма жазылса аламын. Жазылмаған болса, ештеңе болмайды", - деді әнші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз