- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екіқабат кезімде үйден...
"Екіқабат кезімде үйден қуып шықты". Алматы облысының тұрғыны баласына 10 жыл бойы алимент төлемеген
Алматы облысы Талғар қаласының тұрғыны Марат Түрікбаев тегіне жазылған баладан құтыла алмай жүр. Оның айтуынша, 11 жыл бұрын Ақбота есімді әйелмен шаңырақ көтереді. Алайда көп ұзамай 4 айдан соң ажырасып кетеді. Баланың кімдікі екенін білу үшін Марат Түрікбаев "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мараттың айтуынша, баланың есімі Диас, жасы 10-да. Бірақ баласын тек сыртынан көрген, бетпе-бет осы күнге дейін жүздеспеген.
"Әйелім қыдырып үйреніп кеткен. Ұрыс болды. Өзіңді олай ұстауға болмайды деп айттым, тыңдамады. Осы үйде тұрдық. Ажырасқан соң араласпай кеттік. Ол өз үйіне кетті. Бала туғанын естідім. Әбден алиментке өтініш берген кезде ғана білдім. Енді алименттің ақысы деп сот орындаушылары үйін босатуды талап етті. Өзімен сөйлесейін десем, айқайлап ұрсыса береді", - деді ол.
ДНҚ-ға шақырғанда әйелдің қашып жүруі Мараттың туыстарының күдігін ұялатқан.
Ал Ақбота Сәрсенбаева бұл сөзбен келіспейді.
"Мен екіқабат болдым. Күйеуіммен ажыраспадым. ҰҚК ағасы бар, туысқандары ішіп алған мас болды. Барлық киімдерімді сыртқа лақтырып тастаған және үйден қуды. Неге екенін сұрағанымда, "Базаргүл маған үйленуге мәжбүрледі, сенімен тұрғым келмейді" деді. "Екіқабатпын ғой, қайда барамын?" дегенімде, "шаруам жоқ, кете бер" деді. Содан кейін олармен араласпадым. Баламды анамның үйінде дүниеге әкеліп, алимент алып тұрдым. Баланы ешкімнен жасырмадым. Ол балаға 2 млн теңгеден аса қарыз болып отыр. Әкесі іздеп келмеді", - деді ол.
Ақбота 2016 жылы тағы тұрмысқа шығып, 3 баланы дүниеге әкеледі.
"Қандай нәрсе болса да, бұрынғы күйеуімнің туыстарымен жақсы араласып тұрдым. Сот ісі басталғанға дейін бәрі жақсы болды. Олардың баланы көрмедім дегені өтірік. Өткенде ғана сыйлықтарын әкелді ғой, қалай білмей қалады? Күйеуім туралы артық ештеңе айтпаймын. Өте сабырлы, жуас кісі. Тек арақ ішкен кезде ғана мінезі шығады. 6 айдай бірге тұрған кезде аяғым ауыр екенін білді ", - деді ол.
Бағдарлама соңында ДНҚ нәтижесі бойынша баланың 99,9 пайыз Марат Түрікпенбаев болжамды әкесі болып анықталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы