Екіге бөлініп кеткен: электрсамокаттан оңбай құлаған жігіт бүйрегінен айырылды

Екіге бөлініп кеткен: электрсамокаттан оңбай құлаған жігіт бүйрегінен айырылды
Фото: @bazabazon

Электрсамокаттан оңбай құлаған жігіт бүйрегінен айырылды. Бұл туралы Baza Telegram-арнасы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Новороссийскіде болған. 21 жастағы жігіт электрсамокаттан құлап, белін жарақаттап алған. Кейін №1 қалалық ауруханаға түскен.

Дәрігерлер зардап шегушіде ішкі ағзадан қан кету белгілері барын анықтаған.

@bazabazon

Тексерулер барысында, жігіт электрсамокаттан құлаған кезде сол жақ бүйрегі екіге бөлініп кеткені белгілі болған.

Органды қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан, бүйректі алып тастауға тура келген. Операциядан кейінгі кезең бірқалыпты өткені, қазір жігіт үйіне шығарылғаны айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан