Жаңа бейнебаян түсіріп, тыңдармандарын қуантқан әнші Луина шығармашылыққа білек сыбана кірісіпті. Дегенмен өнер иесі жолдасы екеуі екі бөлек жүрген соң оны қатты сағынып жүргенін жеткізді. Бұл туралы ол "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Hey Yo", "Лабиринт", "Адреналин" хит әндерінің орындаушысы Луина күйеуі Артем Обухов екеуі екі елде тұрып жүргендерін жеткізді. Әншінің айтуынша, ол БАӘ-де екен.
"Біз, расымен, екі елде тұрамыз. Мен өнер адамы болғандықтан, бұл - мен үшін үйреншікті жағдай. Күйеуімді сағынамын, әрине. Ұлыммен бірге күйеуіме екі аптада бір барып тұрамын", - дейді әнші.
Әнші күйеуінің қазір Дубайда көлікті жалға беру жұмысымен айналысатынын айтты. Одан өзге әнші су жаңа бейнебаян таспалап жатыр.
"Араға үш жыл салып "Қарағым-ай" әніне мюзикл жанрында бейнебаян түсіріп жатырмыз. Дегенмен творчествода үзілістер болғанын жасырмаймын. Алда атқарылар іс көп", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!