- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екеуміз бірге кетеміз"....
"Екеуміз бірге кетеміз". Танымал әнші жеке өміріне қатысты ел күтпеген жаңалықты жеткізді
Танымал әнші Айгүл Иманбаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты күтпеген жаңалықты жеткізді. Ол алдағы концертінде сүйіктісі болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Динара Сәтжан сұхбат барысында әншіден сүйіктісі алдағы концертте болып-болмайтынын сұраған. Ал әнші Ұлыбританияға болашақ жарымен кететінін жеткізген.
"Болады. Екеуміз бірге кетеміз", - деді ол.
Ал кейін Динара Сәтжан "Ұлыбританияға ма" деген сұрақ қойып нақтылаған.
Айта кетейік, бұған дейін әнші 24 жыл жалғыз жүргенін, сол аралықта 10 рет ұсыныс алғанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова