Нумеролог Сәбина Жұмақанова әнші Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазірет Қажымұқанұлының қарым-қатынасына талдау жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Екеуінің мінезі ұқсас, бұл - олар бір-бірін жақсы түсінеді және махабатты сезінеді деген сөз. Ғазірет Кәмшатқа қарағанда ашушаң, бірақ екеуі де көп уақыт ұрыса алмайды. Екеуі ұзақ уақыт бірге бола алады. Ғазіреттің үй шаруасына ынтасы жоқ, бірақ ол істейді. Ол әдемі нәрселерді жақсы көреді және сән-салтанат пен байлыққа ұмтылады. Екеуі де - позитив, көңілшек, жаңа нәрсені үйренгісі келіп тұратын адамдар", - деді ол.
Нумеролог сонымен бірге "Ғазірет Қажымұқанұлы көзге шөп салуға бейім бе?" деген сұраққа да жауап берген.
"Бұл жұпта екеуі де бейім. Ғазіретке отбасы аса маңызды емес, көбіне Кәмшат отбасын сақтап қалуға тырысады", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін нумеролог Ченнелинг Каролина Ерке мен Raim қанша уақыт бірге болатынын айтқан еді.
Еске салайық, бұған дейін Кәмшат Жолдыбаеваның ұзату тойынан видеолар тараған еді. Оған дейін де Кәмшат Жолдыбаева сүйіктісімен суреттерін ресми жариялаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!