Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр: БҚО-да балалар арасында қызылша дерті өршіп тұр

Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр: БҚО-да балалар арасында қызылша дерті өршіп тұр
Фото: Midjourney

Батыс Қазақстан облысында балалар арасында қызылша дерті өршіп тұр. Ауырғандар саны былтырмен салыстырғанда 10 есе артқан. Тіпті екі бүлдіршін ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері қызылша диагнозымен ауруханаға 110 науқас түскен. Оның 93-і - бала. Пандемиядан кейін қызылшаға қарсы егілмегендер саны күрт артқан.

Қазір иммунитеті жоқтар арасында қызылша кең тарап жатқаны ақ халаттыларды алаңдатып отыр. Бүгінде 30 науқас ауруханада әлі емделіп жатыр.

"Қызылша - әлемдегі ең жұқпалы инфекциялардың бірі. Иммунитеті болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдардың 90 пайыздан астамы жұқтырады. Қызылша жеңіл өтетін балалар ауруы емес", - деді Орал қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Дергүл Ағаділова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget