Павлодар ауданында тұрғын таңғаларлықтай алып қияр өсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар ауданы Ольгинка ауылында "Үй жанындағы бақ" атты көрме-байқау өткен. "Көкөніс" номинациясының жеңімпазы ауылдың 84 жастағы тұрғыны Нина Кривич атанған. Оның бақшасында екі алып қияр өскен. Біреуінің салмағы 1,8 келі болса, екіншісі - 1,4 келі.
"Екеуі бір қысқа жетеді!" - деп әзілдеді зейнеткер.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысының тұрғыны қой жүніне картоп еккені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көлік лас болса, айыппұл салына ма?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!