Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды

Екібастұз тұрғыны бейтаныс біреудің оның шотынан шамамен 13 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлап кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция депаратаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімінде емделген. Онымен бірге палатада бірнеше науқас болды, олардың барлығынан тергеуші жауап алған.

"Нәтижесінде жас әйел анықталды, ол зейнеткердің "Каспи" мобильді қосымшасындағы шотына кіріп, ақшаны жымқырған. Әйел ұрлығы ашылып, оны тауып алады деп ойламағанын мойындады", - делінген полиция хабарламасында.

Полиция ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!