Екібастұз VITA ерікті-іздестіру жасағының мәліметінше, 7 қараша күні Виктор Кукуречко Әуезов көшесі, 14 мекенжайынан белгісіз бағытта шығып, үйіне оралмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Екібастұздық еріктілер құқық қорғау органдарымен және басқа да волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп, іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Солнечный кентінің маңындағы аймақ пен қасында орналасқан ғимараттардың бейне камералары тексеріледі", - деді еріктілер.
71 жастағы Виктор Кукуречконың бойы 170-175 сантиметр, арық денелі. Оның шашы ақшыл, көзі қоңыр. Қолында "русалканың" татуировкасы бар. Үстінде қара түсті күртеше болған.
"Еріктелер Викторды көрген немесе оның орналасқан жерін білген адамдарды келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі Самал және +7 (747) 615 55 63 Катерина".
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!