Екібастұздық әйел өрескел әрекеті үшін қамалды
Фото:
Коллаж: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов, depositphotos.com
Екібастұздық әйел өрескел әрекеті үшін қамалды. 43 жастағы әйел үйдің кіреберісінде дәрет сындырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Кеншілер көшесіндегі үй тұрғындары 102 бөлімнің кезекші пультіне қоңырау шалып, әйел адамның баспалдақ алаңында дәрет сындырғанын айтып, бейнежазба ұсынған.
"Әйел адам айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін және қоғамдық тәртіпті бұзатын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сот бес тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, сондай-ақ кіреберісті тазалап, жуып тастады", - деп хабарлады департамент.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан