Екібастұздық ата-аналар мектепке конвектордың орнатылуынан қауіптенеді  

Екібастұздық ата-аналар мектепке конвектордың орнатылуынан қауіптенеді   

Екібастұз мектептерін жылытуға екі күннің бірінде ақау шығатын ЖЭО-ның күші жетпейді. Сол себепті білім ошақтарында электр конвекторлар орнатылып жатыр, деп хабарлайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда, биліктегілердің қоғамның талқылауынан өткізбей, көпшіліктің келісімін алмай қондырғыны орнатып жатқанына ата-аналар алаңдаушылық танытуда. Олар балаларының қауіпсіздігі үшін қорқады. Өйткені, конвекторларды қолдану үшін қосымша 2МВт электр энергиясы қажет. Яғни, үлкен кернеуді көтере алатын трансформаторлар болуы керек. Ең біріншіден, бұндай қосалқы жабдықтарда техникалық сараптамадан өткен және арнайы сертификаты болуы тиіс. Әйтсе де, Екібастұз қалалық білім беру бөлімі ондай құжаттарды журналистерге жарияламай отыр. Оның үстіне, мектептерде конвекторларға қызмет көрсететін арнайы мамандар да жоқ. Ертең аяқасты өрт шықса кім жауап бермек?

"Алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Жүктеме болмау үшін техникалық тұрғыдан дайындықтарды жүргізіп жатыр. Арнайы мамандар шақырып, техникалық есеп-қисабын жасады", - дейді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.

Дегенмен шаһар басшысы, Ресейде өндірілетін конвекторларды сатып алуға жұмсалған қаржының қай көзден шыққанын айта алмады. Қазір бюджетті қарайтын мәслихаттар жоқ. Сондықтан көкейде сауал қалады. Бәлкім, ТЖ резерві ме, әлде Екібастұздың ЖЭО қаражат бөлді ме? Ол жағы белгісіз. Осы күндері Екібастұз қаласының мектептерінде жылу теңгерімі төмен болғандықтан, оқушылар қашықтықтан білім алып жатыр.    

Е.Базарқұл

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы