Екібастұздық 13 жастағы жасөспірім қалай нейл-мастер болғанын айтып береді

Екібастұздық 13 жастағы жасөспірім қалай нейл-мастер болғанын айтып береді

Екібастұздық 13 жастағы нейл-мастер мен анасы Сания Рахимова Aina-LINE арнайы жобасында отбасында болған қайғылы жағдай, алғашқы жетістіктер, қолдау және қайырымдылық туралы айтып береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Aina-LINE жобасын бүгін, 28 қаңтарда сағат 20.00-де IBALAQAI YouTube-арнасынан көріңіздер. Сания Рахимова ұлының маникюр жасауды үйрену туралы шешімі, қиын кезеңнен қалай өтіп жатқандарын және қоғам тарапынан айыптаулар туралы айтады. 

Арулыат көпбалалы отбасында өсіп келеді, одан бөлек төрт бала бар. Бекарыс - інісі. Ол екі жасында үшінші қабаттан құлап түскен болатын. Бас миының жарақатының салдарынан ол сал болып қалды. Қазақстандық және шетелдік дәрігерлер баланы емдеуді әлі бастаған жоқ. Баланың денсаулығы Қырғызстандағы дәрігердің бақылауында. Оның отбасы әр сапары үшін ақша жинауға мәжбүр.

Ол 11 жасында маникюр жасап, ақша тапқысы келді. Бірнеше курстан өткеннен кейін Португалиядағы нейл-мастерлердің жарысына қатысып, 17 елден келген 190 қатысушының ішінде озып шығып, халықаралық чемпионатта жеңіске жетті. 

Ол тапқан табысының жартысын мұқтаж адамдарға және Екібастұздағы науқас балаларға береді. 

Жүргізуші - "Жаңа ұрпақ" көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады. 

"Інжу" мейрамханасына түсірім үшін локация ұсынғанына алғыс білдіреміз.

Massaget