Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына байланысты дауға нүкте қойылды. 2024 жылы 14-16 сәуір аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларындағы медициналық мекемелерге әртүрлі улану белгілерімен 56 азамат жүгінген, олар мұның алдында Екібастұз қаласындағы мейрамханада өткен салтанатты шараға қатысқан.
Зардап шеккен адамдардың санына байланысты тергеу басталған сәттен бастап қылмыстық іс Екібастұз прокуратурасының бақылауында болған, процессуалдық прокурорлар тағайындалған. Сараптамалар жасалған.
Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі адамға қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеуге тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасы кесілді.
Зардап шеккендер сот шешімімен қанағаттанды, тек мейрамхана иесі сот үкімін қайта қарау үшін шағымданған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз