- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұздағы төтенше жағдай:...
Екібастұздағы төтенше жағдай: балабақшалар мен мектептерге жылу берілді
19 желтоқсаннан бастап Екібастұзда жылу желілеріндегі коммуналдық апатқа байланысты жұмыс істемеген балабақшалар 3 апталық үзілістен кейін балаларды қайта қабылдай бастайды. Сондай-ақ осыған дейін қашықтан оқып жүрген оқушылар да мектепке оралады. Бұл туралы Екібастұз әкімі Аян Бейсекин Instagram желісіндегі тікелей эфирде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"19 желтоқсаннан бастап мектептер офлайн форматқа көшіп, барлық балабақшалар ашылады. Барлық дерлік мектепті аралап шықтым, ғимарат ішіндегі температура 18-23 градус шегінде", - деді әкім.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова