Екібастұздағы кәсіпорында машинист қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға "Богатырь Көмір" ЖШС-інде болған.
Павлодар облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, 3 мамырда өндіріс жұмыстары кезінде 1990 жылы туған машинист қайтыс болған.
Басқармаға кәсіпорыннан хабарлама түскен. Өлім туралы куәлікті алғаннан кейін тергеу жүргізу басталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!