- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұздағы жылу жүйесі...
Екібастұздағы жылу жүйесі қашан қалпына келтірілетіні белгілі болды
Екібастұздағы жылу жүйесі он күннен кейін қалпына келтіріледі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов БАҚ өкілдерімен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Былтыр қарашаның соңында болған апаттан кейін Екібастұздағы жылу желілері ластанып, қоқыс толып қалған. Қазір оны тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Бізге қаланың жылу жүйелерін түзеу, қалпына келтіру үшін жалпы бір он күн керек. Өйткені апаттан ластанған жерлер бар, зақымданған жерлер бар", - деді облыс әкімі Асайын Байханов брифинг барысында.
Айта кетейік, бүгінде "Екібастұз" жылу энерго орталығында алты қазандық жұмыс істеп тұр. Ал қаладағы 25 мектептің жиырма бірінде сабақтар дәстүрлі түрде сыныптарда өткізіледі. Төрт мектепте жылу теңгерімі төмен болғандықтан, оқушылар қашықтан оқып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова