Екібастұзда жылумен жабдықтау жүйесіне кең ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 7 ақпанда, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен арнайы кеңесте жылу желілерінің бірқатар учаскесін ауыстыру және ЖЭО-да жөндеу жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде Екібастұз ЖЭО-да 5 қазандық – 2 энергетикалық және 3 су жылытатын қазандық жұмыс істейді. Тағы 5 қазандық және квартал ішіндегі учаскелерде тіркелген тоғыз ақау жөнделіп жатыр.
6 ақпанда жылытудың температуралық параметрлерінің төмендеуіне байланысты қала мектептерін қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылданды. Жұмыс аяқталғаннан кейін штаттық оқыту режимі қалпына келтірілмек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!