Екібастұздағы ЖЭО-ның төбесіндегі плита жұмыс істеп тұрған қазандықтың үстіне құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 15 маусымда сағат 16:45-те Екібастұз ЖЭО-да "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС-де №5 жұмыс істеп тұрған қазандыққа төбедегі темірбетон плита құлаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ведомство плита құлаған аумақтағы барлық жөндеу және пайдалану жұмысы тоқтатылғанын мәлімдеді.
"Бұған дейін, 2023 жылғы 11 маусымында жөндеудегі № 7 қазандық ауданында бүйір қоршау конструкцияларының 8 темірбетон плитасы құлаған болатын", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Орталықта 16 маусымда қазандықтардың үстіндегі шатырдың конструкцияларын тексеру жоспарланып отыр. Оның нәтижелері бойынша жұмыстарды қайта бастау туралы шешім қабылданады. Тексерумен мамандандырылған ұйым айналысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!