- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұзда зейнеткер өз...
Екібастұзда зейнеткер өз пәтерінен өлі табылды
Екібастұзда зейнеткер өз пәтерінен өлі табылды. Мамандар ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппады, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қаладағы пәтерлердің бірінде ер адамның үсіп қайтыс болғаны туралы WhatsApp желісіндегі хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Баспасөз қызметі шынымен де үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болғанын, бірақ оған пәтердің суық болуы себеп болмағанын түсіндірді.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, зейнеткер көзі тірісінде қан қысымынан зардап шеккен.
Жедел жәрдем станциясына сағат 17:32-де Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танып қалғаны туралы ақпарат түскен.
"Медициналық қызметкерлер 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады", - деді станцияның баспасөз қызметі.
Сағат 17:50-де пәтерге полиция шақырылған. Ер адам көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін атап өтті.
Екібастұз тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік жүктелетінін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова