Екібастұзда трактор мінген қызметкер аударылып, қаза тапқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
26 ақпанда Екібастұздағы ЖШС бірінің 59 жастағы қызметкері К-700 тракторын айдап, разрез аумағының ішіне аударылып түскен.
Дене жарақаттарының салдарынан қызметкер оқиға орнында қаза тапқан.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.
Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!