Екібастұзда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Тиісті шешім жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Energy Solutions Center ЖШС-дегі апатқа байланысты Екібастұз қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын", - деп жазылған құжатта.
Төтенше жағдай режимі 1 шілдеден бастап қолданылады.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, биыл маусымда Екібастұз ЖЭО "Самұрық-Энерго" АҚ-ның арнайы құрылған еншілес компаниясы Energy Solutions Center ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген. Былтыр станцияда негізгі және қосалқы жабдықтарға ауқымды жөндеу жүргізілді. 10 қазандықтың 8-і күрделі жөндеуден өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!