Екібастұзда екі әйел төбелескен, оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Видеодан төбелесіп жатқан екі әйелді ер адамдар ажыратып жатқанын көруге болады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуірде сағат 00:25 шамасында Екібастұз полиция басқармасының кезекші бөліміне Энергетиктер көшесі, 103 көшесіндегі "Федор" дүкенінің жанында жанжал болып жатқаны туралы шақыру түскен.
Аталған факті тіркелді, екі әйел де полицияға жеткізілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы – "Спирттік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орында мас күйінде пайда болу" және 434-бабы – "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттамалар толтырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!