Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру, яғни басқа адамды қазаға ұшырату фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы мамыр айында Д. өзінің танысы М-мен Екібастұзда орналасқан пәтерде болған. М. екеуінің арасында жанжал шығып, оның барысында, Д. қолына пышақ алып, М-ның кеудесіне көптеген жарақат салған. Салдарынан М. сол жерде қайтыс болды.
Прокурор сотталушыға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленушінің өкілі прокурордың пікірін қолдады. Ал сотталушының өзі кінәсін мойындамаған және ақтауды өтінді.
"Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайды - сотталушының бұрын сотталмауын және кінәні ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша Д-ны кінәлі деп танып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген сот үкімінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!