Екібастұзда суға кеткен балықшылар құтқарылды

Екібастұзда суға кеткен балықшылар құтқарылды
Фото: Tengrinews.kz

Екібастұзда мұз ойылып, балықшылар суға кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, Екібастұздағы су қоймасында Mitsubishi Delica автокөлігі мұз ойылып, суға батып кетті. Көлікпен балық аулауға шыққан төрт адам қиын жағдайда қалды.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен учаскелік полиция инспекторы бірден құтқару жұмыстарына кірісіп, жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдайлар қызметіне хабар берді. Үйлесімді іс-әрекеттің арқасында қақаған аязда төрт адам аман қалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget