Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылды: үш бала зардап шеккен

Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылды: үш бала зардап шеккен
Фото: ©️ instagram/ekibastuz_live

Екібастұзда сауда-ойын-сауық орталығының төбесі опырылып, салдарынан кәмелетке толмаған үш бала зардап шеккен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, медициналық көмекке жүгінген бес адамның арасында 2008 және 2009 жылы туған балалар болған.

"Зардап шеккендер түрлі жарақат алған, алайда ауруханаға жатқызуды қажет етпеді", - деп нақтылады Екібастұз әкімдігі өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккендерге амбулаториялық ем тағайындалған.

ТЖД өкілі сауда орталығы болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін жабылғанын айтты. Аспалы төбенің бір бөлігі фуд-корт аумағындағы үшінші қабатта опырылған.

Айта кетейік, Екібастұздағы сауда-ойын-сауық орталығындағы төтенше жағдай 16 ақпанда кешке болды. Алдын ала мәліметтер бойынша төбе 150 шаршы метр аумаққа опырылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова